– Менің меншігімде шаруа қожалығым бар. 50 гектар шабындық, 50 гектар жайылымдық жерім бар. Үйім, малым, қора-жайым ұлым Болаттың атында. Енді осы жерімді ұлымның атына аударып берейін десем, оны қайтадан мемлекетке өткізіп, қайтадан жобасын жасату керек дейді аудандағы жер бөліміндегілер.Жерімді ұлымның атына жаздырып берудің басқа жолдары жоқ па?
Асхат Хабибуллин
Қарасу ауылы,
Тарбағатай ауданы
Сауалға облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Қ.Төлеубеков жауап береді:
–«ШҚО Тарбағатай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің ұсынған ақпараттарына сәйкес, «Әсем» шаруа қожалығының төрағасы А.Хабибуллинге Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2004, 2005, 2010 жылдары қабылдаған №666, 1469, 317 қаулылары бойынша кадастрлы нөмірлері №05-078-003-656; 662; 729 болатын жалпы алаңы 114 гектар ауыл шаруа-шылық жерлері 49 жылға өтеулі жалға жер пайдалану құқығымен берілген. Аудан әкімдігінің қаулыларында шаруа қожалығының құрамында 2 адам көрсетілген. Шаруа басшысы – Болат Хабибуллин және мүшесі Күлжамал Мубимбекова. Баласы – Болат Хабибуллин қожалықтың құрамына енгізілмеген. Алайда, «Әсем» шаруа қожалығының басшысы шаруа қожалығының жетекшілігіне Болат Хабибуллинді ұсынса, ол үшін ҚР «Шаруа немесе фермерлер қожалығы туралы» Заңның 1-1-бабы, 1-тармағы, 3-тармақшасында және 2-тармағының 2-тармақшасында белгіленген заңдылық негізінде шаруа қожалығы мүшелерінің келісімімен, жалпы жиналысының хаттамалық қорытындысымен шаруашылық басшысын ауыстыруға аудан әкімдігінің қаулы етуіне аудан әкіміне өтініш беруге құқылы.
Әзірлеген – Дәурен Аллабергенұлы