KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Қазақстанда ескі көліктер жаңасына ауыстырылуы мүмкін

21.02.2013, 18:00 141


Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов отандық ескі автокөліктерді жаңаларына ауыстыру керектігін ұсынып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Тозығы жеткен мұндай мәшинелер экологияға зиян келтіріп қана қоймай, жолда жүру қауіпсіздігін де тығырыққа тірейді. Сондықтан бұл проблеманы шешу үшін индустрияландыру картасына көліктерді пайдалану қуатын арттыру бойынша тиісті жобалар енгізу керек. Сол сияқты отандық автоөндіріс аясында ескі мәшинелерді жаңаларына ауыстыру мәселесін қарау қажет" дейді депутат.

Бұған қоса халық қалаулысы қазақстандықтарға жаңа көлік сатып алуға жағдай туғызып, автонесиелендіруде жеңілдіктер беруге ұсыныс білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив