"Төтенше жағдайда тоқтаған". Семейде ескі мәшинелерді қабылдау басталады
![](/kz/uploads/posts/iblock/393/3935a9a20a2b4631fedb48ef06d52868.jpg)
Елде ескі мәшинелерді қабылдау қайтадан басталды. Бұл іс карантин кесірінен тоқтап қалған болатын.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Талдықорған қалалары мен Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескі көліктерді қабылдап жатыр.
Сонымен бірге бүгін Семей мен Көкшетау қалаларында да қабылдау басталады деп жоспарланған.
Қабылдау уақыты сағат 9:00 – 17:00 аралығында. Мәшине өткізу үшін recycle.kz сайты арқылы кезекке тұрасыз. Сайт ішінде «Приём ВЭТС» бөлімін таңдауыңыз қажет.
Айта кетейік, былтыр ескі көлік өткізгендердің 10 673-і көліктің ақшасын алса, 25 151-і сертификат алуды құп көрген. Сертификатты жаңа көлік алу барысында пайдалануға болатынын айта кетейік.
Жуықта республика бойынша барлық облыс пен қаладағы қабылдау бекеттері ашылады деп жоспарланған.