KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақ газетінің эмблемасы киіз үй болған

21.02.2013, 18:00 415


С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың филология факультеті журналистика мамандығының 1- курс студенттерінің ұйымдастыруымен қазақ басылымдарының абызына айналған «Қазақ» газетіне 100 жыл толуына орай концерттік кеш өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Кеш барысында болашық журналистерге қазақ газетінің эмблемасы ретінде киіз үйдің таңдап алуының мән-мағынасы түсіндірілді. Қос ішекті домбыраның құлағында ойнаған Тілекберді мен газеттің мерейтойына арнаған арнауын оқыған Серік Мәриям көпшіліктің назарына ілікті.

Кеш соңында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары осындай танымдық кеш ұйымдастырған студенттерге ризашылықтарын білдірді. Ал жас журналистер болса өздеріне бағыт-бағдар берген топ жетекшісі Гүлмира Ахметқалиқызы Бекбосыноваға алғыстарын жеткізді.

Бұл кеш студенттерге алаштың алып тұлғаларының ізгі істерінен өнеге алуды насихаттап қана қоймай, болашақ журналистерді бірлік пен ынтымаққа, берекелікке баулып, шығармашылық шыңына талпынуға жол ашты деуге әбден болады.



Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив