KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Өскеменге көгілдір отын келеді

20.02.2013, 18:00 149


Осы жылдың қыркүйек айына дейін Өскемен қаласын көгілдір отынмен жабдықтау мәселесі толық шешілуі тиіс . Жергілікті мұнайлы кен орнынан газ әуелі Зайсан ауданына, содан кейін Өскеменге тартылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өскеменде өткен есептік кездесуінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты.

Қазақстан-Қытай газ құбырын қытайлықтар салды. Енді буүлестіргіш желілер салынуда. Тараптар зайсандық кен орнынан мұнай және газ өнімдерін «50 де 50» етіп үлестіру туралы келісімге қол қойды. Өндіріліп отырған газдың көлемі жылына шамамен 500 мың текше метрді құрайды.

Қазір Өскемендегі барлық газгольдерлердің техникалық жағдайы қалпына келтірілуге тиіс, Таяуда облыс орталығына көптен күткен газ келеді, деп уәде етті аймақ басшысы қалалықтарға.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив