KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Зайсанды газбен қамту мөлшері 40 пайызға жетті

20.12.2018, 11:56 187

Биыл Зайсан ауданындағы тоғыз елді мекенге газ құбыры тартылды. Бұл жөнінде «Тарбағатай мұнай» ЖШС-нің өкілдері хабарлады.


Негізі, Шығыс Қазақстанда Елбасының бесінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстары осыдан бес жыл бұрын басталып кеткен. Естеріңізге салайық, 2013 жылдың 10 сәуірінде «Тарбағатай мұнай» ЖШС мен облыстық әкімдік арасында Зайсан ауданының елді мекендерін табиғи газбен қамту жөнінде келісімшарт жасалған болатын. Бұл негізінен өңірде Сарыбұлақ-Жеменей газ құбыры салынуының нәтижесінде мүмкін болған жоба. Келісімшартта, сонымен қатар ұлттық оператордың газды сату бағасы белгіленіп, аудандағы көгілдір отынмен қамтылатын елді мекендердің тізімі жарияланған-ды.


Аталмыш тізімге аудан орталығы Зайсан қаласынан бөлек, Қаратал, Айнабұлақ, Қайнар, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Үлкен Қаратал, Қарабұлақ және Кеңсай ауылдары кірген.


«Тарбағатай мұнай» серіктестігі мамандарының мәлімдеуінше, Зайсан ауданына газ құбырлары тартылғалы бері, халыққа көгілдір отынның текше метрі 11,20 теңгеден саудалануда. Бұл едәуір арзан. Тіптен, республика көлеміндегі ең төмен бағалардың бірі деуге болады. Шығын мөлшері айына орта есеппен 17-18 мың теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, қатты отынға екі есе көп шығын кетеді, дейді мамандар.


Айта кетейік, бүгінде Зайсан ауданы тұрғындарының шамамен 40 пайызы табиғи газдың игілігін көріп отыр. Ал Зайсан қаласына көгілдір отын соңғы бес жыл бойы берілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив