KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Тарбағатайдың газы тұтынушыларға шілденің басында жетуге тиіс

15.04.2013, 18:00 195


Тарбағатайдың алғашқы көгілдір отыны елді мекендерге 2013 жылдың 6-шілдесіне дейін жетуге тиіс, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісінда осындай тапсырма берді.

Кеңес отырысында «Сарбұлақ – Майқапшағай» магистральді газ құбырын салу жөніндегі инновациялық жобаның жүзеге асырылу барысы қаралды.

Жаңа жобаның инвесторы «Тарбағатай Мұнай» ЖШС департаментінің директоры Ербол Құлжановтың айтуынша, бес млрд. текше метр қоры бар Тарбағатайдың газымен Зайсан ауданын 20-30 жыл бойы қамтамасыз етуге болады. Сонымен бірге бір мезгілде газ Қытай еліне де шығарылып отырады. Желтоқсан айында екі ел арасында үкіметаралық келісімге қол қойылған. Қытайда газ өндіретін зауыт салынған. Осы жобаның арқасында аудандағы көптеген елді мекендер табиғи газды пайдалануға қол жеткізетін болып отыр.

Инвестордың осы уақытқа дейін атқарған шаруаларын тыңдаған облыс басшысы белгіленген елді мекендерге алғашқы газды 6-шілдеге дейін жеткізуді тапсырды.

Облыс әкімі сонымен қатар Өскемен қаласының басшыларына қаладағы газ сыйымдылықтарын есепке алып, өскемендіктерді де тасымалды газбен қамтудың жолдарын қарастыруға тапсырма берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив