KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями Штиль
475.39 513.37 5.4

Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюдың шұғыл шаралары белгіленді

12.02.2013, 18:00 136


Облыс орталығында 11-ақпаннан бері ауа райының қолайсыздығының кесірінен қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі шұғыл шараларды белгіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыс басшысы барлық аудан, қала әкімдеріне жылуды қамтамасыз етуге қажет отынның қосымша қорын бір айға артығымен қамдауды міндеттеді. Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасының бастығына ұзақ уақыт бойы қар құрсауында қалған елді мекендерге азық-түлік пен жемшөп жеткізу, медициналық жәрдем көрсету ісіне санитарлық авиацияны жұмылдыруға дайын болу керектігін айтып, аталған мәселелер бойынша мұқтаж елді мекендердің бар-жоғын анықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, сала басшысына жедел жәрдем қызметінің дамылсыз жүріп-тұруын жауапты мекемелермен бірлесе отырып қамтамасыз ету қажеттігі, жолдың жабықтығын желеу етіп медициналық көмек көрсетуден бас тарту жағдайларына жол берілмеуі керектігі ескерттілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив