KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Қар тұтқынында қалған елді мекендерге азық-түлік жеткізілді

30.01.2013, 18:00 172


Ұлан ауданының әкімі С.Т.Төленбергеновтың тапсырамасымен аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері Бетқұдық, Ақжартас, Қызылсу ауылдарына аэрошанамен азық-түліктер жеткізді. Бұл мақсатқа аудан бюджетінен 120 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Ұлан аудандық ТЖ бөлімінің берген мәліметтеріне сүйеніп.



Қар тұтқынында қалған елді мекендерге азық-түлік жеткізілді
Қар тұтқынында қалған елді мекендерге азық-түлік жеткізілді
Қар тұтқынында қалған елді мекендерге азық-түлік жеткізілді

Биылғы қарлы қыс билік басшылары мен ауыл тұрғындарын қатты сынға алды. Кезекті жауған қалың қар мен ұйытқыған боранның салдарынан Ұлан ауданындағы Бетқұық, Ақтөбе, Қызылсу, Манат, Тройницкое ауылдарының жолдары мүлде жабылып, ауылдықтар сыртқы әлеммен байланыссыз қалған еді.

Ұлан аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Гафур Акаевтың айтуынша, қалыптасқан төтенше жағдай аудан әкімі Серік Төленбергенов төрағалық ететін аудандық штаб отырысында талқыланған. Отырыста жолдары жабылып қалған елді мекендерге көмек көрсету мәселелері қарастырылады. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі Серік Төлеуғалиұлы алғашқы қажетті азық-түлікті алуға аудан бюджетінен 120 мың теңге бөлуді ұйғарды. 26 қаңтарда, өткен сенбі күні штаб мүшелерімен зардап шеккен тұрғындарға қарда жүретін техникамен, өтімділігі жоғары тракторлармен үш бағытта азық-түліктерді жеткізу ұйымдастырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив