KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
443.72 482.28 4.9

«Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш

10.02.2013, 18:00 128


Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында ұлт жаршысы «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі мұражайдың таратқан мәліметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық-саяси және әдеби «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастады. Газет орасан зор әлеуметтік, тарихи қызмет атқарды, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтерді, елді прогресске, өнер-білімге үндеді. Ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйтқы болған осы газет.

Кеште «Қазақ газетінің ұлттық баспасөздің қалыптасуындағы ролі», тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Еспенбетов баяндама жасады. Тарих ғылымдарының кандидаты., доцент Амантай Исин, Абай қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері Қ.Ибрагимова осы тақырып жайында өз пікірлерін білдірді.

Мерекелік кеште Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филормониясының әнші-өнерпазы Айнұр Абылқасымованың орындауында Шәкәрімнің «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар», А.Байтұрсыновтың «Аққұм» әндері орындалып, жас ақындар өз арнауларын оқыды.

Жиынға қаламыздың зиялы қауымы, мұражай қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив