KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность Штиль
439.43 473.31 4.82

Халық ақыны Сапарғали Әлімбетовтің 125 жылдығына арналған әдеби кеш

17.04.2013, 18:00 163


Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы халық ақыны Сапарғали Әлімбетовтің туғанына 125 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында тілшімізге Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері айтып берді.

Сапарғали Әлімбетов өз шығармашылық ғұмырында соңына мол мұра қалдырған халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. Сапарғали ақынның шығармашылық қалыптасуына Абайдың ақындық мектебі ерекше ықпал еткен.

Кешке қаламыздың белгілі зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер шақырылды. Ақын мұрасын зерттеуші, осы тақырыпта диссертация қорғаған ғалым М. Иманжапаров ақынның өмірі мен шығармашылығынан баяндама оқыды. Кеште Сапарғали Әлімбетовтің шығармашылығын жақсы білетін тарихшы М.Мұхамедиұлы, ардагер Н. Сембаев сөз сөйлеп, ақынның туған жерінде өткен іс-шаралар туралы естеліктер айтты. Жас ақын Р.Серікқантегі мерейтой иесіне арнауын айтса, ақындар Е.Дәулет пен С.Хуанған Сапарғали Әлімбетовтің шығармашылығы тақырыбында айтысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншісі Б.Түктібаев пен Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Е.Өмірұзақ ән шырқап, кештің шырайын ашты. Жас күйшілер С.Әсидолда пен Б.Табиғат сыбызғы мен домбырада әсем күй орындады.

Кеш қонақтары ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнекөрсетілім мен кітап көрмесін тамашалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив