KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан бойынша индустрияландыру картасындағы жобалардың жартысы жүзеге асырылып қойды

5.02.2013, 18:00 157


Аймақтың Индустрияландыру картасындағы 634 миллиард теңгені құрайтын 43 жобаның 29-ы жүзеге асырылып бітті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биыл облыста Индустрияландыру картасы бойынша «Айтас» ШК» ЖШС-нің шұжық өндірісін, «Посук Титаниум» ЖШС-нің титан слябтарын өндіру зауытын, «Бентонит и К» ЖШС-нің бентонит балшықтарынан бентонит кеуектерін өндіру өндірістерін іске қосып, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы зауытының өндірісін қайта жарақтандыру жоспарланып отыр. Төрт жобаға 15,4 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен қатар өңірде мемлекет және жекеменшік серіктестік негізінде де қолға алынып отырған бастамалар бар. Былтыр Өскеменде көпсалалы аурухана, Семейде балалар ауруханасын, балабақшалар салу жобаларының техникалық-экономикалық негізде-мелерін жасау жұмыстары бас-талды.

Алдағы уақытта «Зырян– Майқапшағай» теміржол желісінің техникалық-экономикалық құжаттары әзірленбек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив