KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жолаушылар ұшағында қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңге төленеді

29.01.2013, 18:00 173


Алматы түбінде апат болған жолаушылар ұшағында қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңге төленеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Әуе апатына ұшырағандардың отбасыларына «СКАТ» ӘК АҚ 3 млн теңге мөлшерінде, ал әкімдік тарапынан 1 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі» деп жазады ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Twitter бетінде.

«Орталық коммуникациялар орталығының мәліметі бойынша апат орнында қазір үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. 29-қаңтардан 30-на қараған түні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицина орталығының» сарапшылары қаза болғандардың денелеріне сот-дәрігерлік сараптама жасады. Қазір өлім себептері анықталып, марқұмдардың мүрделері туыстарына анықтауға және оларға берілуге дайын» деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметі.

Қазақ тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсету жалғасуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив