KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

"Мен, әрине, қайта ораламын..."

27.01.2013, 18:00 222


Биыл бірегей тұлға, әнші, ақын, белгілі артист Владимир Высоцкийдің туғанына 75 жыл толып отыр. Осыған орай Зырян қаласының орталық кітапханасында «Мен , әрине, қайта ораламын...» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Іс-шараға колледж студенттері мен « Бухтарминские радуги» ақындар клубының мүшелері қатысты.

Владимир Высоцкий- заманауи таңдағы поэзиядағы сирек кездесетін тұлаға. Ол ақын ретінде тарих тамырының соғуын дөп басып, дәуір айнасына айналды.

Көзі тірісінде аты аңызға айналған ақын қайтыс болғаннан кейін де бүкіл халықтың сүйіспеншілігі мен мақтанышына ие болды.
Ақынның сан қырлы шығармашылығы жастар арасында үлкен қызығушылық танытуда.

Кеш барысында Н.Г. Медведева мен Н.Г. Сотниковтің, В.Б. Сметаниннің орындауында Высоцкийдің өлендері мен әндері айтылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив