KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Кеденшілер ірі экономикалық контрабанданың жасырын желісін әшкереледі

27.06.2013, 18:00 89


Кеден органдарының қызметкерлері өз күштерімен Біріккен Араб Әмірліктерінен көлік құралдарының қосалқы бөлшектері және жиһаз фурнитураларының құжаттарымен қымбат тұратын ұялы телефондар алып келген ірі экономикалық контрабанданың жасырын желісін әшкереледі , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз хабарламасында тауар тасымалдау құжаттарын ауыстыру арқылы тауарларды заңсыз кедендік ресімдеуден өткізу фактісі Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекетінде анықталғаны айтылған.

Кеден қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері болмағанда, қылмыстық жоба контрабандалық жолмен пайда табатындарға елеулі түрде табыс әкелер еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, алып келінген смартфондар мен басқа да қымбат тұратын гаджеттердің саны оншақты мыңнан асады.

Дұрыс емес декларациялауға қатысы бар кеден бекетінің қызметкерлерінің үстінен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Экономикалық контрабанда фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе шешілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив