KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Шығыс Қазақстан облысына 64 бала дәрігері қажет

20.01.2013, 18:00 77


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, өткен жылы облыста 64 балалар дәрігерінің орны бос тұрған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Педиатрлар алып отырған 50 мың теңге көлеміндегі төменгі еңбекақы, дәрігерге бекітіліп берілетін балалар санының аса көптігі балалар дәрігерінің жетіспеуінің басты себебі болып отыр. Өйткені осының бәрін біліп отырған жас мамандар балалар дәрігері болуды қаламайды. Педиатрларға баспана берілсе, еңбекақысы көтерілсе, олардың қабылдауына келген бала мен ананың кезегі бүгінгіден бірнеше есеге қысқарып, қызмет көрсету сапасы артар еді, – дейді облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау жөніндегі сараптамалық комиссиясының төрайымы Татьяна Чернышова.

Комиссия төрайымының айтуынша, қаражатты тиімді пайдаланып, дәрігерлік қызмет сапасын жақсарту мақсатында 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алдағы жылдары ауруханалардағы үлкен сұранысқа ие болмай отырған басы артық бөлімдер қайтадан құрылып, күндізгі стационарлық бөлімдерде емделушілердің саны арттырылмақ.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив