KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Ерекше сайыс өтті

20.01.2013, 18:00 187


Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында алғаш рет «Ақ босағаның алтын діңгегі – әжелер» атты жиналған көпшіліктің үлкен ықыласына бөленген ерекше сайыс өтті.

Әжелердің өздері ғана емес, олардың немерелері де атсалысқан сайыста сексеннің сеңгіріне шыққан Балхия Кәрімова мен Рағна Бахтина үш немересімен сайысқа түсіп, көрерменнің көзайымына айналды. Сайыс басында әжелер сәлемдесу, өзін-өзі таныстыру рәсімін көрсетсе, олардың немерелері арнайы дайындаған өлеңдерін оқып, ән айтып, би биледі.

Ең бастысы, әжелер жас отбасыларға ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив