KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Бесқарағай ауданына қарасты Семияр орта мектебінде әжелер сайысты

14.03.2013, 18:00 222


Бесқарағай ауданына қарасты Семияр орта мектебінде «Асыл әже» деген атпен тартымды да мазмұнды сайыс өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Онда ауыл әжелері өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс қонақтары, әсіресе, асыл әжелердің ұлттық қол өнерін жаңғырта білген шеберліктеріне, немерелерімен бірге дайындап келген ән мен билеріне ризашылықпен қол соқты.

Мақал-мәтелдерді орнымен пайдаланып, мәнерлеп сөйлей білген әжелерге құрмет көрсетілді.

Тартысты өткен сайыс соңында әжелердің ішінен Шолпан Рахметуллина – «Абзал әже», Бақыт Қыдырышева – «Асыл әже», Шара Нұржанова – «Алтын әже», ал Ғалия Шәкібаева «Супер әже» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив