KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Жидебайға келушілер көбейіп келеді

18.01.2013, 18:00 99


Өткен бір жылда Жидебайдағы Абай мұражайы мен осындағы Абай – Шәкәрім кесенесін жиырма мыңға жуық адам келіп тамашалапты. Соның тең жартысы оқушылар мен студент жастар екен. Аз да болса алыс шетелдерден келіп жатқандар да бар.

Қасиетті Жидебайға облыс мектептерінен оқушылардың көптеп келе бастағаны бізді қуантып отыр дейді осындағы хакім ақынның республикалық қорық- мұражайының меңгерушісі Қайырғазы Дүрмекбай. Соның ішінде Өскемен мен Семей қалаларынан, алыстағы Үржар, Тарбағатай, Аякөз аудандарынан келіп жатқан оқушылар көп.

Ал дала кемесі іспеттес қос алыптың кесенесіндегі амфитеатрда республикалық Абай-Шәкәрім дәстүрлі оқуларының тұрақты түрде өткізіле бастағанына он үш жыл болған. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келіп қатысып жатқан талапкер оқушылар мұның сыртында. Солардың алды ұлылардың төрт жүзден астам шығармаларын жатқа біледі.

Енді аудан мектептері мен мекемелерінде жиі болып, ұлыларға арналған тақырыптық кештер мен жылжымалы көрме ұйымдастыруды одан әрі жалғастыра түссек деп отырмыз дейді Қайырғазы.

Сонымен бірге мұндағылар республикалық салалық министрлік тарапынан Жидебайдағы алыптар кесенесіне қомақты қаржы бөлінсе дейді. Өйткені, кесенеде көп шаруаның аяғына жетпей қалғаны және қаржы тапшылығынан жүдеп бара жатқаны да шындық. Соның бәрі жүзеге асып жатса Жидебайға жылына жиырма мың емес, жүз мың турист келген болар еді.
Дәулет Сейсенұлы
Мәлімет көзі Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив