KZ
Өскемен
+18°
небольшой дождь жел 2 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Ертең ШҚО-да XVIII республикалық дәстүрлі Абай оқулары басталады

8.09.2017, 09:17 205

Ертең Абай ауданында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында XVIII республикалық Абай оқулары басталады.


Еліміздің Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, облыстық білім басқармасы, Семей қаласы мен Абай ауданының білім бөлімдері ұйымдастырып отырған шараның негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттап, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту және оларға қолдау көрсетіп, жас ұрпақты ұлылыр поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Республикалық Абай оқулары «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» «Ұлылар әлемі» атты төрт номинация бойынша өткізілмек. Абай оқуларына әр облыстан, республикалық мектеп-интернаттардан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» оқу тіліне қарамастан облыстық кезеңнен жүлделі орын алған 4 оқушы, Шығыс Қазақстан облысынан дәстүрлі түрде екі команда: облыс пен Абай ауданының құрама командалары қатысады.


Байқауға жалпы республика бойынша 80-нен астам оқушы қатысатын болады. Байқаудың жабылу салтанаты мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 12-қыркүйек күні, сағат 18.00-де Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесінде болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив