KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Абай оқуларының облыстық кезеңі аяқталды

27.05.2013, 18:00 182


Өскемен қаласында XIV республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл оқулардың мақсаты балалар арасында Абай мен Шәкерімнің шығармаларын насихаттау, оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру еді.

Жыр сайысына Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Бесқарағай, Зырян, Зайсан және Күршім аудандарынан барлығы 44 оқушы қатысты.


Байқау қорытындысы бойынша І орын алған жеңімпаздар 4-5 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтетін республикалық Абай оқуларына қатысуға жолдама алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив