KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Абай ауданында XIV республикалық Абай оқулары өтеді

1.09.2013, 18:00 248


4-5 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XIV республикалық Абай оқулары өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, Семей қаласы мен Абай ауданының білім бөлімдері.

XIV республикалық Абай оқуларының негізгі мақсаттары:
- мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау;
- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Республикалық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін өткізуі қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).
- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы.
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).
Республикалық Абай оқуларына Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан 60 үміткер тіркелді. Абай аудандық білім беру бөлімінен дәстүрлі түрде бір команда қатысады.

Ұйымдастыру комитетінің дайындаған мәдени танымдық бағдарламасы бойынша қатысушылар биологиялық орталыққа саяхат жасап, Абай мұражайымен танысады, сонымен қатар Абай ескерткіші мен Семей ядролық полигон құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.

Қонақтарды қарсы алу салтанаты Абай ауданының шекарасынан басталып, «Еңілік-Кебек» ескерткішіне тоқтап ары қарай М.Әуезов пен Қарауылдағы Абай мұражайын аралаумен жалғасын табады. Кешкісін Абай-Шәкәрім кесенесінде облыстың шығармашылық ұжымының және орындаушыларының қатысуымен фестивальдің салтанатты ашылуы болады.

Респубикалық конкурстың басталуы Жидебайда (Амфитеатр) 5 қыркүйек күні сағат 10.00-де деп жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/700-609, 552-112 телефоны бойынша хабарласуға болады.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив