KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Мамырсудағы Гүлшаттың моншасы

17.01.2013, 18:00 215


Гүлшат Тауасарова үй шаруасындағы қарапайым адам, анда-санда отағасы Абдулхамит Нұрлыбаевтің ұстаханасына көмек көрсететін. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы -- 2020» бағдарламасы аясында құжаттарын жинап, өз бетімен кәсіп ашуды ұйғарған еді. 3 млн.теңге жеңілдікпен несие алған ол ауласында 20 адам сиятын монша салды.

«Көз қорқақ, қол батыр» демекші қорқатын ештемесі жоқ. Оның үстіне отағасының көмек созатын азғантай кәсібі және бар. Моншаның ішкі- сыртқы жұмыстарының барлығын ағаш пен темірден түйін түйетін қас шебер отағасы өз қолымен жасап шықты. Іші мұнтаздай таза, бағасы да шарықтап тұрған жоқ. Барға -- қанағат .

Аягөз ауданындағы 2500 мың тұрғыны бар Мамырсу ауылы соңғы он жылда моншасыз қалып, күні-түні қалаға сабылатын. Енді міне, ауылдың дәл ортасындағы монша ауылдың мақтанышына айналды. Жұманың төрт күнінде жұмыс істейтін болды.

Осындай іргелі ауылдағы бір ғана кіші-гірім монша жеткіліксіз. Ауыл тұрғындарының сұранысы күн санап артып, монша тарлық жасап отыр. Сондықтан қолға алған ісін ширақ тындыратын Гүлшат, алдағы жазда екі қабатты 50 орындық монша құрылысын бастағалы отыр. Қазірдің өзінде бес адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер, отағасымен ақылдаса отырып, үйдің ауласындағы ұстаханасын ұлғайтты.

Бұған дейін ауыл шаруашылық техникасын дәнекерлеумен айналысып, қақпа, есік жасаса, ендігі жерде ауыл шаруашылығының күрделі техникаларын жөндемек. Жолдасы Абдулхамит өзі сияқты ісімер, әзірше бос жүрген замандастарының басын қосып, волокуш, стогометатель сияқты, қолға түсе бермейтін қымбат техника түрлерін өз қолдарымен құрастыруда. Тапсырыс та аз емес көрінеді

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив