KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Ауылдық жерде қоғамдық монша ашылды

29.05.2013, 18:00 123


Аягөз ауданы Қарағаш ауылында қоғамдық монша ашылды. Оны осы ауылдың азаматы Нұрғали Түсіпбеков атаулы бағдарлама аясында алған несиесіне салап берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауылда бұған дейін арнайы жасақталған қоғамдық монша болмаған еді. Енді қарағаштықтар Нұрғалидың 20 орындық жаңа моншасына келіп жүр. Моншаның қызметі де сапалы.

Аптасына үш рет жұмыс істейтін моншаның бағасы көңілге қонымды. Ауыл әкімі Талғат Сыздықаевтың айтуына қарағанда, аудан көлемінде аталған бағдарламалар аясында ең көп несие алған осы ауыл.

Жақында тағы бір кәсіпкер үкіметтен несие алып, мал ұрықтандыру орталығын ашпақ көрінеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив