KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Кәсіп бар жерде нәсіп бар

20.03.2012, 18:00 247


Қабанбай батыр атындағы ауылдық округте шағын кәсіпкерлікті дамытуға игі қадамдар жасалуда.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен осы округке қарасты Шеңгелді ауылының тұрғыны, жұмыссыз Алмагүл Әбдірахманова 3 млн. теңге несие, оның үстіне қайтарымсыз 1млн. теңге алып, наубайхана құрылысын бастады. Наубайхана іске қосылғасын, оған 4 адам жұмысқа тартылмақ.
Сонымен қатар осы несие бағдарламасының аясында Қабанбай батыр ауылының тұрғыны Мұратхан Бейсенбаевқа да 3 млн. теңге несие берілді. Мұратхан бұл қаражатқа жеңіл автокөлік жөндейтін шеберхана ашуға дайындық үстінде. Шеберхана ашылғаннан кейін осы ауылдан екі адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпкерлер қазір өз істеріне арналған ғимараттар тұрғызып, оған қажетті құрал-жабдықтарды іздес-тіріп, сатып алуда.

[url=http://altaynews.kz/admin.php?mod=addnews&action=addnews]altaynews.kz[/url]




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив