KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Семейде бірыңғай өңірлік кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашу жоспарланып отыр

3.06.2013, 18:00 166


Семейде 1-шілде күні бірыңғай өңірлік кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Орталық алаңда орналасқан төрт қабатты ғимаратта орын тебетін мекемеде кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істейтін мем-лекеттік қорлар мен даму институттарының филиалдары, қызмет көрсету орталықтары болады.

Атап айтқанда, «Қазақстан азық-түлік корпорациясы», «ҚазАгроФинанс» өкілдіктері, инвесторлар, фермерлер және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Ертіс» ӘКК, екінші деңгейлі банктер, басқа да қаржы-несие ұйымдары бар.

"Біз шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерімізге арналған қолайлы қызмет жүйесін құруымыз тиіс. Олардың көп уақытын жоғалтпай, барлық мәселесін тез арада «бір терезе» жүйесі арқылы шешуіне мүмкіндік жасау керек", – деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Семейде болған іссапар кезінде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив