KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Бір қолмен 51 бокал шарапты төкпей, алып жүреді

7.01.2013, 18:00 96


Британдық сомелье Филип Осентон бір қолымен бір мезгілде 51 бокал шарапты ешбір төкпей, алып жүре алады. Бұл адам айтса, нанғысыз оқиға Филип қазір жұмыс істейтін Бейжің қаласында жүзеге асса керек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

43 жасар Филип бұл өнерге Лондондағы мейрамханаларда жұмыс істегенде дағдыланғанын айтады. Бар-жоғы 15 минуттың ішінде 140 адамға тиесілі 280 шарап толы бокалды орналастыру оны осындай шеберлікке жетелеген екен.

Алғашқыда 45 бокалды бір мезгілде ұстаған ол бара-бара машықтануын жетілдіре түскенге ұқсайды. Филиппиндік Реймонд Адинаның жетістігін басып озған (ол 39 бокал көтерген) Осентонның бұл рекорды жақын арада Гиннестің Рекордтар кітабына енеді деп күтілуде.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив