KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Волейболдан Павел Сребневті еске алу турнирі басталды

5.01.2013, 18:00 108


Семейде қаладағы және қала маңындағы мектеп мұғалімдерінің арасында Қазақ КСР-на еңбегі сіңген ұстаз Павел Сребневті еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Павел Сребнев Семейде 1931 жылы дүниеге келген. Ол бар өмірін ұстаздыққа арнады. Оның өмірі қайғылы аяқталды, Павел Сребнев 1993 жылы авиаапатта қаза тапты. Оның қазасынан бір жыл өткеннен кейін әріптестері мен достары жыл сайын оның сүйікті спорт түрі – волейболдан турнир өткізуді дәстүрге айналдырады.

Жарыстардың басты мақсаты – жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Кезінде Павел Сребневтің өзі де осы мақсатты алдына қойған болатын. Басында турнирде тек ерлер командалары ғана бақ сынасса, 1998 жылдан бері әйелдер командалары да қатысады.

Биылғы, 19-жарыстарда 20 ерлер командасы мен 8 әйелдер командасы сынға түспек. Алғашқы жарыстар 32-мектепте өтті. Одан кейін 16-мектепте қала маңындағы ауылдардың командалары сайысқа шықты.

Турнирдің салты бойынша жеңімпаз командаға ауыспалы кубок тапсырылады.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив