KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Өткен тәулікте облыс аумағындағы біраз жолдарда қар көшкіні жүрді

26.12.2012, 18:00 187


Өткен тәулікте облыс аумағындағы біраз жолдарда қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Катонқарағай ауданындағы «Согорное-Печи» жолында көлемі 250 текше метр қар көшкіні жолды жауып қалды.

«Өскемен-Зырян» бағытының 61-65 шақырымында жалпы көлемі 300 текше метр үш қар көшкіні өз бетімен құлап, жолды түгелдей жауып қалды.

«Зырян-Богатырева-Путинцево» бағытында да 300 текше метр қар жолды жауып қалып, қозғалысты тежеп тастады.

Қар көшкіні жүрген учаскелердің бәрінде «Қазавтожол» кәсіпорнының техникалары тазарту жұмыстарымен айналысты.

Зардап шеккендер жоқ.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив