KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

ШҚО-да газ баллонның жарылуынан үйдің үйінділері астынан 2 адамның мәйіті табылды

18.12.2012, 18:00 77


Шығыс Қазақстан облысының Верхный Уба кентінде Усть-Маралиха көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйде екі газ баллоны жарылды, соның салдарынан тұрғын үйдің төбесі мен қабырғалары опырылып құлап, соңы өртке ұласты.

Жалын 48 шаршы метрді шарпыды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды. Өрт сағат 17.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД «Апаттық-құтқару қызметі» ММ-нің 9 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Үйдің үйінділері астынан егде жастағы екі адамның мәйіті табылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив