KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 1 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Көше сәнін бұзатын жарнамалар алынып жатыр

13.12.2012, 18:00 116


Өскемен қаласы әкімі Серік Тәукебаевтың шешімімен арнайы құрылған жұмыс тобы үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанынан бастап қала көшелеріндегі жарнамалық құрылғыларды реттеу жұмыстарын қолға алған болатын. Бүгінге дейін шаһардың сәнін бұзып тұрған 3 жарнамалық конструкция алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.



Кетеуі кетіп, мазмұны ескірген жарнамалардың кейбіреуінің иелері де жоқ көрінеді. Қазір осындай қараусыз қалған үш конструкция алынып тасталды. Облыс орталығында "тұғырынан" алып тастауды қажет ететін барлығы 300 жарнама қондырғысы бар. Демек, ретке келтіру жұмыстары жалғаса береді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив