KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Семейде қаланың архитектуралық сәнін бұзып тұрған билбордтар алынып жатыр(+сурет)

26.03.2013, 18:00 111


Семейде шаһардың кейпін бұзып тұрған билбордтарды алып тастау жұмыстары басталды. «Тақтан» түскен алғашқы құрылғы қаланың қақ ортасында, Шәкерім даңғылының бойындағы «Музыка мектебі» аялдамасының жанында 10 жылдан астам ілініп тұрған әлеуметтік жарнама болды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бүгін қалада моральдық жағынан ескірген және заманауи сәулет талаптарына сай келмейтін 197 жарнамалық билборд бар екен. Олардың басым бөлігі 90-жылдардың басында орнатылған. Қалалық сәулет бөлімі және жер қатынастары комитеті жүргізген инвентаризация шаһардағы билбордтардың 20 пайызы ескіргенін көрсетті. Енді көшелердің сиқын бұзып тұрған осы жарнамалар алынып жатыр.
«Бұл жұмыс көп шығын шығарады, өйткені кейбір билбордтардың қожайындары белгісіз. Сол себепті оларды алып, орнын жабу үшін басқа ұйымдарды жалдауға тура келеді» дейді қаланың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов.
Семейде қаланың архитектуралық сәнін бұзып тұрған билбордтар алынып жатыр(+сурет)
Семейде қаланың архитектуралық сәнін бұзып тұрған билбордтар алынып жатыр(+сурет)
Бас сәулетшінің айтуынша, инвентаризация жалғасуда. Ендігі кезекте шағын жарнамалық құрылғылар да тексерілмек.

«Жолдың бойында ешқандай құжатсыз ілініп тұрған қалқандар да жетерлік. Оларды да жуықта аламыз. Кейбір жерде бір шегемен ғана қалқанды қағып қойған. Өткен жылы жүргізілген рейдтің нәтижесінде 57 жарнамалық қалқан алынды» деп түсіндірді Қ.Қоқиланов.

Алынып тасталған билбордтардың орнына жаңалары ілінеді. Бірақ алдымен тиісті орындармен келісілуі тиіс. Олар мемлекеттік стандарттарға жауап беріп, ең бастысы, ешкімге кедергі болмаулары керек. Бұл әсіресе жолдың шетіне орналастырылатын билбордтарға қатысты екенін айтты сәулет бөлімінде.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив