KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Жолдағы белгілердің көрінуіне кедергі болған жарнамалар алынып жатыр – ШҚО

17.08.2021, 14:56 68

Әкімшілік полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзатын, елді мекендердің көшелерінде орнатылған жарнамалық құрылымдарды бөлшектеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Аталған іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, өткен демалыс күндері бұл жұмыс Семей қаласындағы 5 нысанда жүргізілді.

Мәселен, 2019-2020 жылдары Өскемен және Семей қалаларының магистральдық көшелерінен қолданыстағы заңнама талаптарына жауап бермейтін 150-тен астам жарнамалық конструкциялар (өлшемдері 6х3 метр ірі билбордтар) бөлшектелген.

- Жол белгілерінің нормативтік көрінуді қамтамасыз ету апаттылықтың алдын алудың кепілі, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив