KZ
Өскемен
+25°
небольшой дождь жел 4,7 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Семей шаһарының қақ ортасында ретсіз орналасқан нысандар таяу арада құртылады

6.04.2013, 18:00 135


Семей шаһарының қақ ортасында ретсіз орналасқан темір гараждар мен қисайған қашалар, көшенің сәнін бұзып тұрған ескі нысандардың көзі таяу арада құртылады деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Семейге барған іссапар кезінде қала әкімі Айбек Кәрімовке осындай тапсырма берді.

Бұл ретте алдымен олардың иелеріне жағдайды түсіндіріп, егер көнбесе заң аясында тиісті шаралар қолдануды тапсырды.

Сонымен қоса өңір басшысы қаладағы Физкультурная, Герцен көшелерінде қолға алынған қайта қалпына келтіру, жолдарды жөндеу, абаттандыру жұмыстарының барысын көзбен көріп, Семей қаласы әкімінің бұрындары жөн-жосықсыз салынған ғимараттар мен меншік нысандарын ретке келтіру жөніндегі ұсынысын тыңдап, өз тарапынан қолдау білдірді.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив