KZ
Өскемен
+25°
небольшой дождь жел 4,7 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Семей қаласында заңсыз орналастырылған темір гараждарды алып тастау жұмыстары басталды

5.09.2013, 18:00 136


Семей қаласында заңсыз орналастырылған темір гараждарды алып тастау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық сәулет бөлімінің мамандарының айтуынша, қалай болса солай қойылған гараждар жолдарды жөндеуге кедергі жасап, қаланың сырт келбетіне нұқсан келтіруде. Сол себепті таяудағы жылдары тұрғын үйлердің аулаларынан ретсіз орнатылған гараждар алынып тасталады.

"Біз қазір оларды қожайындары көрсеткен жерге шығарып береміз. Егер иелері табылмаса, арнайы бөлінген аумаққа жеткіземіз, сол жерден қожайындары келіп алуларына болады», деп түсіндірді қалалық сәулет бөлімі сәулет секторының меңгерушісі Ардақ Исатаев.

Бүгінге дейін шаһардың орталық көшелерінен 20 шақты гараж алынды. Олардың иелері әлі табылмай отыр. Қалалық ТҮҚШ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Серғазиновтың айтуынша, мамандар тұрғындар арасында сұрау салып, гараждардың ішінде көліктің бар-жоғын анықтаған.

Алдағы уақытта Семей қаласында үш қабатты заманауи автопаркингтер салынады деп жоспарланған.

Суретті түсірген Руслан Шақабаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив