KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Жетпіс бес тұрғын жұмыспен қамтылды

9.12.2012, 18:00 176


«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жұмыссыз, өз бетімен жұмыспен қамтылған, аз қамтамасыз етілген тұрғындардан 113 азамат іріктеліп алынып, Үлкенбөкен және Самар техника-лық колледждерінде қайта даярлықтан өтуде.

Олар тракторшы, дәнекерлеуші, сатушы, есепші, краншы, ЭВМ операторы, экскаваторшы мамандықтары бойынша оқуға жіберіліп, бүгінгі күні курсты аяқтаған 75 тұрғын жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту орталығының маманы Фируза Балтабаева бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жүйелі жұмыс атқарылғанын айтады. Бүгінгі күні мемлекет-
тік тапсырыс бойынша Самар аграрлық-техникалық колледжінде 60 адам білім алуда. Білім алушылар омарташы, дәнекерлеуші мамандықтарын үш ай мерзімде алып шығады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда ауданның он сегіз шаруа қожалығымен, жеке кәсіпкерлермен, ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Әлеуметтік келісімшарт бойынша 64 адам жұмыспен қамтылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив