KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

«Елбасы» ерекше үлгіде жазылды

30.11.2012, 18:00 201


Семей қаласының орталық алаңында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі бірлескен мерекелік шара өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шараға қатысқан жастар «ЕЛБАСЫ» деген алты әріпті бөліп алып аталмыш форманы құраумен қатар әр әріп аталған сайын тиісті әріптен басталатын әдемі тілектерін арнады. Айталық, «Е» – Елбасыны жастар қолдайды, «Л» – Лидер наций с молодежью, «Б» – Болашақ жастардың қолында, «А»– Алаштың арманын орындаған Елбасы жасасын, «С» – Семейдің жастары Елбасын қолдайды, «Ы» – Ынтымақтың кепілі – достығымыз мәңгілік болғай.

Әнұранмен басталған шараны 240 адамнан құралған топ «Қара жорға» биімен аяқтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив