KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Мақаншы және Үшарал аумағында Ми-8 тікұшағы табылмады

28.11.2012, 18:00 132


Алматы облысында жоғалып кеткен Ми-8Т тікұшағын іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ТМЖ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құтқарушылар хабарлағандай, кеше ВЧ-9807 тікұшағымен тау шатқалы мен Алакөл көлінің батыс жағалауы Көктума ауылынан оңтүстік жағалауға дейін тексерілді. «Еуро-Азия-Эйр» тікұшағымен Сасықкөл көлінің солтүстігі учаскесі және Алакөл көлінің шығыс жағалауы тексерілді.

ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД «Семсер» ЖШС және жедел-құтқару жасағының жерүсті күшімен Көктума ауылынан Алакөл көлінің оңтүстік жағалауына дейін учаске тексерілді.

ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметі эхолоттың көмегімен 2 қайықпен Ақшы ауылынан 50 метр қашықтықтағы Алакөл көлінің батыс жағалауының оңтүстік бөлігіне дейінгі аралықты қарап шықты.

Мақаншы және Үшарал шекара жасағымен жаяу түрде Алакөл көлінің солтүстік жағалауы тексерілді. «Қазтрансойл» АҚ мен әкімдіктің күшімен жаяу түрде Алакөл көлінің батыс бөлігінен жағалау жүйесі мен «Заячья губа» учаскесі тексерілді.

Әкімдіктің күшімен атпен «Көл асу» шатқалы тексерілді. Іздестіру шараларына 2 тікұшақ (2 рет тексеру жұмыстарын атқарды), 95 адам, 8 техника, 2 қайық, 8 ат тартылды. Іздестіру жұмыстары бүгін қайта жанданды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив