KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Жаңартылған Алакөл осы жазда туристерді қарсы алмақ

31.03.2018, 11:42 145

Мемлекеттік органдардың өкілдері демалыс базаларының иелерімен Алакөл көлінің жағалауындағы туризмді дамыту мәселелерін талқылады. Аталған жиын Үржар ауданындағы Мақаншы ауылында өтті деп хабарлайды ШҚО Туристік ақпараттық орталығы.


Алакөлге келген демалушылардың жағдайын жақсарту мақсатына көптеген жұмыс атқарылды. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы жағалауды қайта құру мен абаттандыруға жарты миллиард теңге бюджеттік қаражат салынған еді. Қазір бұл жұмыстар жалғасын тауып, 817 миллион теңге бөлініп отыр. Ал оны жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін үздік ART-жобаға конкурс жарияланған болатын.


Сондай-ақ, логистика мәселелері де назардан тыс қалмады. Енді Алакөлге жету де жеңілдей түспек.


-Өскемен мен Семейден бөлек, Үржар ауылынан Алматы және Астана қалаларына әуе қатынасы орнатылды. Жаз мезгілінде бұл рейстер 90%-ға жұмыс істейді, - дейді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебав. – Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Жалаңашкөл станциясынан Кабанбай ауылына дейінгі жол жөнделіп жатыр. Жөнделудегі 49 шақырымның 25 шақырымында жұмыстар аяқталып қойды, қалған 24 шақырым жолды 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жаздан бастап қыркүйектің ортасына дейін «Семей–Шар–Аягөз–Ақтоғай–Жалаңашкөл»,«Өскемен–Шар–Аягөз–Ақтоғай–Жалаңашкөл» бағыттары бойынша пойыз жүріп тұрады. Бүгінде бұл бағыттар Қазақстан темір жолдарымен келісілуде. Пойыздар екі купелі және үш плацкарт вагондардан тұрады, жолдағы бағдарлы уақыт 15 сағат болмақ.


Өткен жылы Алакөл көлінің суының емдік қасиеттерін зерттеу бойынша жұмыс қарқынды жүргізілген еді. Оның бірінші кезеңінде 27 микроэлемент пен емдік газ – радон анықталған. Зерттеулер ары қарай жалғасын табуда. Осы жылы емдік процедураларды дамыту есебіне демалыс базаларына жұмыс маусымын ұзартуға болады. Себебі демалушылар шілде, тамыз айларында ғана емес, суға түсу маусымына дейін және одан кейін де келе алады.


Сонымен қатар, жиында демалыс орындарында өрт сөндіру қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша шаралар туралы да сөз қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив