KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
464.72 496.32 5.4

Қазақстанның бірқатар облыстарында тұман, жел, көктайғақ болады деп күтілуде - 29 ақпанға арналған ауа райы болжамы

28.02.2012, 18:00 206


Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен Қазақстанның көптеген аумағында 29 ақпан күні ауа райы тұрақсыз болуы ықтимал, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметінен, Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі күтіліп отыр.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болып, Алакөл көлінің айдынында желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, түнде кейбір жерлерде тұман болады деп күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман болады.

Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде (Қызылорда облысының оңтүстігінде), Жамбыл және Алматы облыстарындағы таулардың төменгі аймақтарында мұз қату бәсеңдейді. Келес, Арыс және басқа өзендерде болып өткен тасқын толқынының таралуынан су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. 29 ақпан-1 наурыз күндері Шардара су қоймасына секундына 1410-1430 текше метр шамасында су келіп түседі. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив