KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Ғалымдар адамзат компьютерлерден қырылуы мүмкін деп санайды

27.11.2012, 18:00 133


Қырғи-қабақ соғыс келмеске кетті, ядролық апат қаупі де сейіліп келе жатқандай. Алайда енді адамзаттың өмір сүруіне компьютерлер мен жасанды интеллект қауіп төндірмек. Кембридж ғалымдары «Терминатор» фильмінің сценарийі осы ғасырдың өзінде шындыққа айналуы мүмкін дегенді айтады.

Кембридждің экзистенциальдық тәуекелдерді зерттеу орталығы (CSER) зерттеу жүргізіп, қазіргі заманғы технологиялар адамзат өркениетін таяудағы келешектің өзінде жойып жіберетінін дәлелдеді. Ғалымдар биотехнологиялардан, жасанды интеллектіден, нанотехнологиядан, ядролық соғыстан және климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптерді талдады.

Skype-тің негізін қалаушылардың бірі Яаан Таллин және философ Хью Прайс ең басты қауіп, комьютерлердің есептеу қуатының арта түсуі деген сенімде. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бұл үдеріс «Бірыңғай жасанды интеллект» жасалуына әкеп соғады. Сонда олар өздігінен бағдарлама жасап, адамдардың көмегінсіз роботтарды өмірге әкеліп, өз «ұрпағын» өсіруі мүмкін.

«Осы ғасырдың ішінде ақыл-ой биологиялық табиғат шегінен кетеді. Интеллектіге электрондық жүйелер ие болады, сол кезде Жердегі ақыл-ой иесі біз ғана болып қалмаймыз, дейді Прайс. - Сондықтан да біз бұл ықтималдыққа бей-жай қарамауымыз тиіс. Жасанды интеллектіні ойлап табу - жаңа Пандора жәшігіне айналуы мүмкін. Біз оларды дұрыс пайдаланбасақ, оның салдары апатқа әкеп соқтыруы ғажап емес».

Прайстың пікірінше, негізгі қауіп мынада: күндердің күнінде ақыл-ойы артқан компьютер ресурстарды өз қажетіне қарай бөліп, адамзаттың талап-тілегіне қарсы келуі мүмкін. «Адамзат өзінің жер үстіндегі басты рөлі үшін күресуі тиіс, дейді Прайс. - Айталық горилланы алайық. Олар адамдардың жауығуынан өліп жатқан жоқ, біз өз тілегімізге орай олардың қоршаған ортасын өзгертіп, тіршілік аясын тарылтып, өмір сүруіне мүмкіндік бермей жатырмыз».

Мәлімет көзі: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив