KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Үрейді ұшырған болжамдар шынымен бола ма?

28.11.2012, 18:00 173


Әлімсақтан бері адам баласы «көктен құбыжық түседі, жер бетін топансу басады, не болмаса жер отқа оранады, қалыңдығы бес елі мұз басып, бүкіл тіршілік жойылады» деген үрейлі әңгімені айтумен келеді. Тіпті мыңдаған жылдық тарихын хатқа шекіп жазған Қытай мен Үнді жылнамаларында да осы тақілеттес әңгіме жеткілікті.

Бұдан қала берсе, барлық діни кітаптарда да түбі бір түнектің болатыны айтылған. Бірақ қашан? Әсіресе, жұмыр жер бетіндегі саналы тіршілік иелері, ақырзаман жөнінде сөз еткенде, міндетті түрде ертеде өмір сүрген үндіс мая тайпасының күнтізбесін тілге тиек етеді. Ал сол күнтізбеге үңілсек, жердегі барлық тіршілік атаулыға қойылар соңғы нүкте - 2012 жылдың 21 желтоқсаны. Бұдан ары жер бетінде тіршілік бола ма, жоқ па? Белгісіз...

Жалпы, ақырзаман жөнінде түрлі болжам көп. Енді соған тоқтала кетелік. Бірінші, барлық діни кітаптар түбі бір ақырзаман болатынын айтады. Бірақ қашан, ол жөнінде нақты дерек келтірмейді. Дегенмен сол қасиетті кітаптардың барлығы, белгісіз бір эпидемияның кесірінен, адамзаттың көп бөлігі, сондай-ақ жан-жануар қырылып, табиғаттың өзі соның зардабын тартады дегенді алға тартады. Алайда түптің түбінде тіршілік қайта гүлдеп, өркениет жаңадан пайда болатынын меңзейді.

Екінші, адамдардың басым бөлігі бөтен планета иелерімен кездесу ешқандай жақсылық әкелмейді деп санайды. Жатжұрттықтар адамзаттың түбіне жетеді деген сенім қалыптасқан. Ес білмес ескі заманнан қалған жазбаларда да «көктен жатжұрттықтар түседі. Олар - біздің құдайларымыз. Біз - солардың құлдарымыз. Егер біз ұнамасақ, олар бізді аяусыз жазалайды, қырып салады» деген жолдарды оқуға болады. Бәлкім, 2012 жылы көктен солар түсіп, пиғылы бұзылған тіршілік иесін қырына алуы мүмкін-ау.

Үшінші, шындыққа ең бір жақын болжам, ол - жер бетіндегі табиғи апаттар. Расында, соңғы жылдары ірі жер сілкіністері, құрғақшылық, алапат құйындар, цунами, аптап ыстық, қардың аса көп жаууы жиіледі. Мұның өзі адамзат өміріне ірі өзгеріс алып келуі мүмкін. Егер де жанартаулардан бөлінген күл күннің көзін жауып тастайтын болса, жердің беті қызбағандықтан, қатты суық, мұз дәуірі басталуы да мүмкін. Сондай-ақ мұхиттардағы жылы ағыс - Гольфстрим тоқтайтын болса, Еуропа қазіргі Антарктидаға айналуы қиын емес. Ғалымдардың есептеуінше, осыдан 13 мың жыл бұрын Гольфстрим тоқтап, Солтүстік шарты шар мұз басқан өлкеге айналған көрінеді. Ал ол мұз дәуірі 1300 жылға созылған. Әрине, мұның да беті аулақ.

Төртінші, әлемдік апаттың болуына тағы бір себепкер болатын жәндік ара көрінеді. Кезінде атақты ғалым Эйнштейн «егер де жер бетіндегі аралар қырылып қалатын болса, арада төрт жыл өткеннен кейін адамдар да солардың кебін киеді» деп айтқан. Неге? Адамға қажетті минерал, дәрумен, калория беретін өсімдіктердің басым көпшілігін аралар өз тозаңдары мен түрлі улардан тазартып отырады екен.

Бесінші, ол - төбден құлайтын аспан денелеріне байланысты. Ғалымдар да мұны жоққа шығармайды. Есеп бойынша, 2029 жылы Жерден 37 мың шақырым болатын тұстан Апофис астероид өтеді екен. Егер ол кенеттен бағытын өзгертсе, Жерге құлап түсуі мүмкін көрінеді. Жерге соқтығысқандағы жарылыстың күші 500 мегатон болмақ. Ал ең қорқынышты Тунгус метеоритінің қуаты 10 мегатон ғана болған. Жерден не қалатынын есептей беріңіз...

Алтыншы, адамзат үшін ең қауіпті тағы бір нәрсе - адамдардың қолымен жасалған ядролық қару. Осының өзі адамзаттың түбіне жетуі мүмкін. Атақты Ванганың өзі «Үшінші дүниежүзілік соғыс Үнді жарты аралында басталады. Сол жерде ядролық қару қолданылады» деп айтқаны бар. Не боларын кім білсін?

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив