KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Семейде алғашқы IT-орталық ашылды

15.06.2018, 10:53 111

Біз өмір сүріп жатқан әлемді жаңа технологиялар мен түрлі робототехникалық құрылғыларсыз елестету мүмкін емес. Тіпті, қазіргі таңда Жапония, Корея, АҚШ сияқты мемлекеттер жасанды интеллект, адамдарды клондау сынды көптеген тәжірбиелерді жүзеге асыруда. Соңғы кездері Семей шаһарыда, адамның қатысуынсыз өздігінен барлық жұмыстарды істей алатын роботтарды дамытуға айырықша көңіл бөліп келеді.


Осыған орай, Семей қаласының электротехникалық колледжінде ең озық технологиялармен жабдықталған IT орталығы ашылды. Дәл осы білім ордасында енді студенттер бағдарламаланатын логикалық контроллерлерді, мехатронды және операциялық жүйелерді, сондай-ақ, 3D притнтердің қыр сырын үйренетін болады.


Ашылу салтанаты барысында барлық қонақтарға жоғарыда атап өткен модульдердың қалай жұмыс жасайтыны туралы кеңінен түсіндіріліп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқару мақсатында облыстық жұмыспен қамту бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен ШҚО-ның білім беру басқармасы және электротехникалық колледжі араларында үш жақты мемарандумға қол қойылды.


 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив