KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Әділет министрлігінің ведомстволары мен заңгерлер қауымдастығы спартакиада өткізді

26.11.2012, 18:00 131


Қазіргі уақытта еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай әртүрлі мәдени-спорттық шаралардың ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Жуықта Өскеменде осы ауқымды мерекеге орай әділет министрлігінің ведомстволары мен заңгерлер қауымдастығы спартакиада өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Спорттық шараға әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті, нотариалдық палата, сот сараптамасы орталығы, адвокаттар алқасы және жылжымайтын мүлік орталығының командалары қатысты. Бұл күні мемлекеттік қызметшілер мен заңгерлер кеңсе үлгісіндегі костюмдерін спорттық киімге ауыстырып, спартакиадаға белсене кірісті. Жарысқа қатысушылар шағын-футбол және волейбол ойындары бойынша сынға түсті. Спартакиада шағын көлемде болса да өте тартысты және қызықты өтті.

- Әділет министрлігінің ведомстволары мен заңгерлер қауымдастығы арасында спорттық сайыс ұйымдастыру жыл сайын игі дәстүрге айналып барады. Біз осы саладағы шеберлігіміздің шыңдалып келе жатқанын көріп отырмыз. Осы спартакиадаға белсенді қатысу арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, жұртқа жақсы үлгі көрсетеміз. Ал, биыл бұл шараны ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізу біз үшін үлкен мәртебе - деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті бастығының міндетін атқарушы Аян Тоқтаров.

Спартакиада барысында облыстың танымал әншілері мен күйшілері өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша волейбол сайысының екінші орнын сот орындаушылар командасы жеңіп алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив