KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
440.92 475.36 4.82

Кеденшілеріміз спорттық бәсекеде топ жарды

13.08.2012, 18:00 97


Жуықта Павлодар қаласында Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кеденшілері арасында VII аймақтық спартакиада ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған волейбол, шағын футбол, шахмат және үстел теннисі спорт түрлері бойынша бақтарын сынаған 91 адам қатысты.

Байрақты бәсекеде жалпы командалық есеп бойынша ШҚО бойынша КБД құрама командасы 1-орынды иеленді. Құрама өз қарсыластарын шағын футбол, шахмат және үстел теннисінде шаң қаптырды. Әрі, ерлер және әйелдер арасында өткен волейболдан да жүлделі орынды еншіледі. Департамент қызметкері Мария Кузьмина жеңіске деген ерекше құлшынысы үшін мақтау қағазы мен сыйлыққа ие болды.

Мұқалмас жеңіске деген жігері және бірлігімен ерекшеленетін ШҚО бойынша КБД құрама командасы ендігі тамыз айының соңында Астана қаласында өтетін республикалық спартакиадаға дайындық жүргізетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив