KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Алексей Полтораниннің кезекті жеңісі

20.01.2013, 18:00 221


Алексей Полторанин әлем кубогының кезеңдік жарысында тағы да жеңіске жетті. Италиядағы Тур де Ски кезеңінде Тоблахта өткен 5 шақырымдық қашықтықта және Валь ди Фиеммеде өткен 15 шақырымдық жарыста бірінші орындарды иеленген Алексей Полторанин Францияның Ля Клюза қалашығында болған 15 шақырымдық масс-старт жарысында да топ жарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бұл жарыста да барлығы топталып бірге жүгірді. Ешкім суырылып алға шыққан жоқ. Көш бас-
таушылар да Дарио Колонья, Мартин Йонсруд, Александр Бессмертных, Алексей Полторанин бо-
лып, ауысып отырды. Мәреге таяғанда Алексей жылдамдығын үдетіп, көмбе сызығын бірінші болып қиды. Екінші орынға Александр Бессмертных ие болды. Үшінші болып мәреге Швейцария спортшысы Дарио Колонья жетті. Қазақстандықтар арасында бұл жарысты Евгений Величко 33-ші, Сергей Черепанов 45-ші, Евгений Кошевой 66-шы болып аяқтады, – дейді қысқы спорт түрлері бо-йынша облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі-нің директоры Анатолий Проскурин.

Полторанин қазір әлем кубогының жалпы есебін-де 628 балмен бесінші орында тұр. Ал бірінші орындағы ресейлік спортшы Александр Легковтың жалпы есептік көрсеткіші 844 балл болып отыр.
Қазақстандықтар Николай Чебатько 41-ші, Сергей Черепанов 98-ші, Евгений Кошевой 105-ші, Марк Старостин 116-шы, Денис Волотка мен Ердос Ахмадиев 127-ші, Александр Малышев 134-ші орында келеді.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив