KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Өскеменде жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті

21.11.2012, 18:00 221


Орталық қалалық кітапханада әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналып жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шараға 18 бен 35 жас аралығындағы 17 ақын қатысып, екі өлеңнен оқыды. Біріншісі - ұлт мерейін асқақтатқан, ерен еңбегімен, ізгілікті ісімен, кемел ой-өрісімен әлемді аузына қаратқан Елбасын жырлауға, екіншісі – еркін тақырыпқа арналды.

Бірінші орынды «Шығыс» ауылы мектебінің ұстазы Месейхан Мұратхан иеленсе, екінші және үшінші орынды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Сайлауғазы Қастербек, Дүргінбайұлы Қызырбек алды. Қалған қатысушылар кітаптармен марапатталды.

Жыр додасынан оза шапқан жас ақындар «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО филиалы «Бірінші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай ұйымдастырмақшы «Елі сүйген, елін сүйген – Нар тұлға» атты облыстық жыр мүшәйрасына жолдама алды. Жас ақындардың өлеңдері кітапхана сайтына қойылып, дискіге жазылып таратылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу