KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 6 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

ШҚО басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады

21.11.2012, 18:00 101


«Қазгидромет» баспасөз қызметінің мәліметін орай алдағы тәуліктерде Шығыс Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдармен бірге циклон ықпалында болады деп күтіледі, соған байланысты бірқатар аймақтарда бұрқасын болып, жел күшейеді, тұман түседі.

Қазақстанның батыс бөлігі ғана антициклонның ықпалында болып, мұнда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел, бұрқасын соғады деп күтілуде.

Алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық, шығысындағы суларында және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қатады, осыған байланысты республиканың шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив