KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, ОБ
441.41 477.78 4.84

23 ақпанда Қазақстанның батысында қар жауып, қарлы бұрқасын болады, ал қалған аумақта аяз күшейеді деп күтілуде - Қазгидромет

22.02.2012, 18:00 76


Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 23 ақпанда республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ал жекелеген аудандарда қарлы бұрқасын болады деп күтілуде.

Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және шығыс облыстарының аудандарында антициклонның ықпалы сақталады. Бұл жерде аяз болады деп күтілуде, кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау, Жамбыл және күндіз республиканың батыс облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, қарлы бұрқасын тұруы мүмкін.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив