KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өскеменде облыстық «Халық театрлары» фестивалі өз мәресіне жетті

14.11.2012, 18:00 141


Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы және Жамбыл атындағы облыстық драма театрының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі театрлармен шығармашылық байланысты нығайту, шынайы өнер бәсекесін жандандыру, тәжірибе алмасу, театр өнерін дамыту мақсатында облыста бірінші рет өткен «Халық театрлары» фестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бас жүлдеге Зайсан ауданының «Зайсан» халық театры, «Поэзия» жастар театры Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Махаббат заңы» композициялары үшін ие болса, 1-орынды Аягөз ауданы «Қозы Көрпеш» халық театры Л.Егембердиеваның «Қалталы күйеу қайдасың» спектакілін сахналағаны үшін жеңіп алды.

Сондай-ақ Үржар ауданы мен Ұлан ауданының халық театрлары тамаша өнер көрсетті, деп мәлімдеді ШҚО мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Мәлімет көзі:
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив